1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні деп аталады, Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Осы мерекеге арнап 2017 жылдың 28 сәүірінде Алексеевка орта мектебінде концерт өтті. Мерекелік шарада әр сыныптың оқушылары қатысты. Концерт қызықты да көңілді дәрежеде өтіп, әр ұлт өкілдері өздерінің билерімен және әндерімен ерекшеленді. Мектеп ұйымдастырылған іс-шараға оқушылардың ата-аналары және Алексеевка селосының тұрғындары қатысты.