Текст
2017 жылдың 30 маусым күні Алексеевка орта мектебінің мұғалімдері Астана қаласына әлем назарын аударған ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандырылған көрмесіне барды. Еліміздің еңсесі биік екенін, ұлтымыздың ұлылығын, мемлекеттілігіміздің мығымдығын, қазақ халқының жасампаз қасиеттерін жаhан жұртшылығына паш еткен тарихи сәтке куә болдық.