Текст
Бір аптада біздің мектепте Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған "Жас ұрпақ – ел болашағы" атты зияткерлік ойын өтті. Аталған іс-шарада 6-11 сынып оқушыларына викторина түрінде Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар ұсынылды. Орта және жоғары буын оқушылары белсенді қатысып, Отанымыз туралы өз білімдерін көрсетті. Бұл викторина оқушыларға жаңа бір нәрсені үйренуге және Қазақстан тарихы туралы білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Өз еліне және Отанына деген сүйіспеншілік әрқайсымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушыда патриотизм сезімін тәрбиелеу-мектептегі тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.