Текст
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі-жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке. Мереке 1996 жылы тойлана бастады. 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі түрлі этностар өкілдерінің арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған, ол ел халқының ішіндегі мәдени диалог деңгейінің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.
Біздің мектепте сыныптан тыс іс-шара, сондай-ақ осы мерекеге арналған тақырыптық сап түзеу, сынып сағаттары өткізіледі. 30,1,2 мамыр демалыс күні болып жарияланды.