Текст
Осы аптада мектебімізде «Құрметті жүргізуші» онлайн акциясы өтті. Еліміздің жолдарында жыл сайын жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді, бұл ересектерді ғана емес, балаларды да алаңдатады. Бұл іс-шара жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз тәртібін қалыптастыруға, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.