Ұлттық валюта күнімен және Қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀
1993 жылдың 12 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, ал ҚР Үкіметінің қаулысымен 15 қараша - Ұлттық валюта – Теңге күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді.
⠀
Теңге - мемлекетіміздің тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі ретінде еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне қомақты үлес қосып, оның экономикалық дамуына ықпал ете берсін.
⠀
Қаржы жүйесінің қызметкерлеріне тілеріміз, жұмыстарыңыз Қазақстан экономикасының қаржылық әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағыттала берсін. Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз тұрақты, қызметтеріңіз оңынан болсын!