Текст
12.05.2026
7 мамыр күні мектебімізде әртүрлі сынып оқушылары арасында саптық ән байқауы өтті. Қатысушылар саптық дайындықтарын, тәртіптерін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Әр команда саптық ән орындап, ұйымшылдықтарын танытты. Қазылар алқасы қатысушылардың сыртқы келбетін, командаларды орындауын және жалпы өнер көрсетуін бағалады. Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтіп, барлығына жақсы көңіл күй сыйлады.