Текст
1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасы іске қосылады.
Жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік ұйымдарда тәрбие жұмысы бірыңғай «Адал азамат» бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Бұл бұрын қолданыста болған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының заңды жалғасы, бірақ мазмұны мен атауы жаңартылған, Мемлекет басшысының «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасына сәйкес келеді.